Мазмұнға өту
qandastar.

22 жастағы Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды

Малика Хамит 71 қаралым
22 жастағы Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық 22 жастағы спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Шынбаев ММА-дан 71 келіге дейінгі салмақтағы modern дисциплинасында қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Бұл — Қазақстанның Азия ойындарындағы ММА-дан алған екінші алтыны. Айта кетейік, аралас жекпе-жек биыл құрлық додасының бағдарламасына алғаш рет енгізілді.

Қадырбек үшін бұл жыл аса сәтті өтіп жатыр. Қаңтар айында ол ересектер арасындағы ММА-дан Азия чемпионы атанған. Сол турнирде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңген.

Осылайша, 22 жастағы Шынбаев бір жылдың ішінде Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp