Мазмұнға өту
qandastar.

223 млн теңге бөлінген: Жаңаөзендегі күйік бөлімшесіне қатысты дау шықты

Малика Хамит · · 1 339 қаралым
223 млн теңге бөлінген: Жаңаөзендегі күйік бөлімшесіне қатысты дау шықты

Жаңаөзендегі көпбейінді ауруханаға күйік бөлімшесін ашу үшін бөлінген 223 млн теңгенің жұмсалуы Қаржылық мониторинг агенттігінің назарына ілікті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жобаға қаржыны «ҚазМұнайГаз» бөлген. Бастапқы жоспар бойынша медициналық жабдықтың сегіз түрін сатып алып, мамандарды оқыту көзделген.

Алайда кейін жоспар өзгеріп, қоғамдық қор, аурухана және жеке компания арасында 210 млн теңгеге екі арнайы медициналық кереует сатып алу туралы келісім жасалған.

ҚМА мәліметінше, сатып алу заң талаптарын айналып өтіп жүргізілген. Ал іс жүзінде жабдыққа 92 млн теңге ғана жұмсалған. Тергеу нұсқасы бойынша, қалған қаражат үлестес компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.

Іске аурухана директорының орынбасары, қоғамдық қор басшысы, Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары және жеткізуші компания өкілі қатысы бар деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар компания өкілі заңсыз жолмен алынған ақшаға Астанадан пәтер сатып алып, оны басқа адамдардың атына рәсімдеген деген дерек бар.

Үш күдікті қамауға алынды. Олардың мүлкіне, соның ішінде екі пәтерге, екі үйге және автокөлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp