Мазмұнға өту
qandastar.

"27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды": кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасағандарға үкім шықты

bahitzhanabzal · · 190 қаралым
"27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды": кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасағандарға үкім шықты

Фото: ашық дереккөз

Динара Зәкиева Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағандарға қатысты статистиканы жариялады, деп жазады qandastar.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

— Жыл сайын кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасау бойынша 900-ге жуық іс тіркеледі. Бұл 120, 121, 124-баптарға сәйкес қаралатын істер. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылданғаннан бері осындай ауыр қылмыс жасаған 25-27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, — деді Динара Зәкиева.
Сонымен қатар, ол мұндай қылмыстар жиі тіркелетін өңірлерді атады.
— Жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар негізінен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарында көптеп кездеседі, — деді уәкіл.
Бөлісу: Telegram WhatsApp