Мазмұнға өту
qandastar.

27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде ұсталды

Малика Хамит
27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде ұсталды

Павлодарда 1999 жылы жасалған қарақшылық шабуылдан кейін полициядан бой тасалаған қылмыскер араға 27 жыл салып ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ол Мәскеу қаласында қолға түсті.

Павлодар облысының полиция департаменті прокуратурамен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Ресейдің Мәскеу облысындағы әріптестерімен бірлескен арнайы операция ұйымдастырылып, күдікті Мәскеуде құрықталды.

Полиция мәліметінше, ер адам 1999 жылы Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуылға байланысты іздеуде болған. Содан бері құқық қорғау органдарынан жасырынып келген.

Жалпы, 2026 жылдың алғашқы 10 айында Павлодар облысында іздеуде жүрген 82 қылмыскер тіркелген. Олардың 73-інің жүрген жері анықталған. Арасында адам өлтіру, қарақшылық шабуыл және тонау деректері бойынша ізделгендер де бар.

Бұдан бөлек, облыс аумағында шетелдік құқық қорғау органдары іздестірген 31 адам анықталған. Ал Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген тағы жеті қылмыскердің жүрген жері белгілі болды.

Полицияның мәлімдеуінше, іздеуде жүрген адамдарды анықтау және ұстау жұмыстары жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp