Мазмұнға өту
qandastar.

2GIS арқылы ата-аналарды іздеген: Астанада алаяқ әйел 4 жылға сотталды

Малика Хамит 13 қаралым
2GIS арқылы ата-аналарды іздеген: Астанада алаяқ әйел 4 жылға сотталды

Қала прокуратурасының мәліметінше, әйел сегіз ай бойы 2GIS қосымшасы арқылы баласын балабақшаға бергісі келетін ата-аналарды іздеген, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Кейін олармен байланысқа шығып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемелерден орын алып беруге көмектесетінін айтқан.

Оның сөзіне сенген тоғыз тұрғын ақшаларын аударған. Осылайша, алаяқ олардың жалпы 590 мың теңгесін иемденген.

Сот әйелді кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Прокуратура ата-аналарды балабақшадан орын алу мәселесінде сақ болуға шақырды. Мамандар мұндай қызметтер бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp