Алматы маңындағы таулы аймақта туристің жарақат алуына байланысты құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
ТЖМ мәліметінше, Медеу ауданындағы Мыңжылқы шатқалында орналасқан Малыш шыңынан түсу кезінде туристік топ мүшелерінің бірі жартастан құлап, жарақат алған.
Оқиға теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте болған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шеккен азаматты тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны қауіпсіз жерге эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырды.
Туристік топтың қалған үш мүшесі де құтқарушылардың сүйемелдеуімен таудан қауіпсіз түсірілді. Олардың жағдайы қалыпты, медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтарды тауға шығар алдында маршрутты мұқият жоспарлап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
[video width="1080" height="1920" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/IMG_0258.mp4"][/video]