Алматы тауларында серуенге шыққан жасөспірімге құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға теңіз деңгейінен 3332 метр биіктіктегі Скалистый шыңы маңында болған.
2010 жылы туған жасөспірімге таудан төмен түсу кезінде көмек қажет болған. Құтқарушылар геолокация арқылы оның нақты орнын жылдам анықтап, қауіпсіз жерге дейін бірге түсті.
Олар жасөспірімді «Эдельвейс» шлагбаумына дейін жеткізіп, туыстарына тапсырған. Бақытымызға қарай, жасөспірімнің медициналық көмекке мұқтаж болмағаны белгілі болды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығатын туристерге қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.