Мазмұнға өту
qandastar.

35 қыран, бір тәлімбақ: Қызыл кітаптағы құстарды заңсыз ұстаған азамат ұсталды

Малика Хамит · · 559 қаралым
35 қыран, бір тәлімбақ: Қызыл кітаптағы құстарды заңсыз ұстаған азамат ұсталды

Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстарды заңсыз ұстады деген күдікпен азаматқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды

порталы.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бері Қарағандыдағы жеке үйінің аумағында рұқсатсыз тәлімбақ ұйымдастырған. Ол әлеуметтік желідегі Instagram парақшасы арқылы аңшылық пен құсбегілікке қатысты контент жариялап, сирек кездесетін жыртқыш құстарды табиғи мекенінен заңсыз жеткізетін адамдармен байланыс орнатқан.

Тінту кезінде оның үйінен барлығы 35 жыртқыш құс тәркіленді. Олардың арасында ителгі, бүркіт және лашын секілді Қазақстанның Қызыл кітабына енген, жойылып кету қаупі бар құстар болған.

Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар соттың санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды.

Қазір тәркіленген құстар Қарағанды хайуанаттар бағында уақытша күтімде. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына қайта жіберіледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp