Мазмұнға өту
qandastar.

38 жастағы әйелді өлтіріп, мәйітін бөлшектеген: күдікті ұсталды

Малика Хамит
38 жастағы әйелді өлтіріп, мәйітін бөлшектеген: күдікті ұсталды

Қарағанды облысында бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оны өлтірді деген күдікпен азаматтық некедегі күйеуі ұсталды.

Қарағанды облысында қыркүйек айының соңынан бері із-түзсіз кеткен әйелдің өлі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицияға 38 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама 2 қазанда түскен. Оны іздестіру жұмыстары 13 қарашада қайғылы аяқталды. Әйелдің мәйіті Теміртау қаласынан шамамен 22 шақырым жерден табылған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, ол марқұм әйелдің азаматтық некедегі күйеуі. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp