Мазмұнға өту
qandastar.

4 бала ауруханада: Қызылордада мектеп оқушысы бұрыш баллонын шашқан

bahitzhanabzal · · 290 қаралым
4 бала ауруханада: Қызылордада мектеп оқушысы бұрыш баллонын шашқан

Фото: ашық дереккөз

Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды

. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 23 қыркүйекте болған. Салдарынан 4 бала зардап шекті. Олар Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында, тиісті ем - шараларын жасауда. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс жасап жатыр.

23 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан мектептердің бірінде оқушы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан. Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі. Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орындарының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp