Мазмұнға өту
qandastar.

522 мың адамның жәрдемақы алу құқығы қайта қаралады

Малика Хамит 15 қаралым
522 мың адамның жәрдемақы алу құқығы қайта қаралады

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылардың тұрмыстық жағдайы қайта бағаланып жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жаңа тәртіп бойынша азаматтар бес топқа бөлінеді. Ал жоғары табысты санатқа жатқызылғандарға жәрдемақы төленбейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік қолдау жүйесінде азаматтарды бұрынғыдай әлеуметтік санатына қарай емес, отбасының нақты экономикалық жағдайына байланысты жіктеу көзделген.

Жаңа жүйе бойынша халық бес топқа бөлінеді:

- А тобы – жоғары деңгей;

- В тобы – ауқатты деңгей;

- С тобы – қанағаттанарлық деңгей;

- D тобы – экономикалық осал топ;

- Е тобы – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал топ.

Алғашқы екі санатқа кіретін азаматтар мемлекеттік жәрдемақы алмайды. Жұманғариннің сөзінше, қазір шамамен 522 мың адамның жағдайы осы тұрғыдан қарастырылып жатыр. Оның ішінде 77 мыңға жуық адам А тобына жатқызылған, қалғандары В тобына кіреді.

Әр азаматқа жеке Push-хабарлама жіберіледі. Бұл арқылы адамдарға жүргізілген бағалау нәтижесі туралы ақпарат беріледі.

Жұманғариннің айтуынша, талдау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Министрлік азаматтарды топтарға бөлу кезінде қателікке жол бермеуге назар аударып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp