Алматы облысындағы Көлсай көлдері ұлттық паркі аумағында микроавтобус еңістен сырғып, шамамен 150 метрлік шатқалға құлап кеткен. Бұл туралы Qandastar.kz сайты ТЖМ-ға сілтеме жасап хабарлады. Оқиға орнына дер кезінде жеткен Қазселденқорғау қызметкерлері көлікті жедел түрде шығарып алды.
Белгілі болғандай, мамандар сол маңда гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Олар Алматы облысының ТЖД күштерімен бірлесіп, қолжетімсіз аумақта қалған көлікті сәтті эвакуациялаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Құтқарушылар таулы аймақтарда қозғалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет екенін тағы бір мәрте ескертті.