Ақсу қаласында той алдындағы фотосессия барысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз BMW автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жолда қауіпті дрифт жасап, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген, дейді
.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция қызметкерлері мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, оған жолда авариялық жағдай туғызғаны, жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзғаны, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамағаны, сондай-ақ көлік құралын пайдалану және маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін бірнеше әкімшілік хаттама толтырылған.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қоғамдық жолдарда қауіпті әрекеттерге бармауға шақырып, мұндай орындардың көлік жүргізу шеберлігін көрсетуге немесе экстремалды маневрлер жасауға арналмағанын еске салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Организация (@dp_pavlodar)