Мазмұнға өту
qandastar.

"6,8 млн теңге": Павлодар облысында құмар ойын ойнаған шенеуніктер анықталды

Малика Хамит · · 110 қаралым
"6,8 млн теңге": Павлодар облысында құмар ойын ойнаған шенеуніктер анықталды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Тексеру барысында бірқатар лауазымды тұлғалардың қолданыстағы заңнамалық тыйымдарға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттар ашып, қаржылық операциялар жүргізгені белгілі болды.

Прокуратура мәліметінше, заңбұзушылықтардың бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісіне қатысты тіркелген. Оның жеке шоты бойынша қаржы айналымы 6,8 миллион теңгені құраған.

Ұқсас заң бұзушылықтар ауылдық округ әкімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің тағы жеті қызметкері тарапынан анықталды
делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша жиналған материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен қызметтік мінез-құлық талаптарын сақтауына тиісті бақылауды жеткіліксіз жүзеге асырғаны үшін Екібастұз қаласы әкімдігі аппаратының жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp