Азаматтарға арналған үкімет 6 шілде күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
4 шілде күні тек кезекші бөлімшелер ғана қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚКО-лар келушілерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 09:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі, дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.
7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.