Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысының полицейі үйлену тойынан кейін мас күйінде көлікке отырып, рульге ие бола алмай, ерлі-зайыптыларды қағып өлтіргені туралы ақпарат тарады, - деп жазады turkistan.kz
Ақтөбе облыстық полиция департаменті, оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.
Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші қамауға алынды. Нәтижесінде 7 жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар қызметінен босатылды