8-10 тамыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жауын-шашын күтілмейді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ның ауа райы болжамына сілтеме жасап хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күн сайын ауа температурасы жоғарылап, 10 тамызда күндіз +34...+36 градусқа дейін жетеді.
Алматыда үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндізгі ауа температурасы +32...+35 градус аралығында болады.
Шымкентте демалыс күндері ең ыстық ауа райы күтіледі. 9 және 10 тамызда сынап бағаны +38...+40 градусқа дейін көтеріліп, 8 тамызда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңіріне Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен +41 градусқа дейін жететін аптап ыстық болатынын ескерткен еді.