Мазмұнға өту
qandastar.

8,9 шақырым жерден табылған: Зайсанда балықшыларды іздеу қалай өтті

Малика Хамит · · 18 қаралым
8,9 шақырым жерден табылған: Зайсанда балықшыларды іздеу қалай өтті

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде қайық аударылып, суға кеткен екі балықшының денесі табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Осыдан кейін бірнеше күнге созылған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.

Қайғылы оқиға 15 қыркүйекте Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылдық округі маңында болған. Үш ер адам көлге балық аулауға барған. Сол кезде қатты жел тұрып, қайық аударылып кеткен.

Балықшылардың біреуі өздігінен жағаға шығып, жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқарылған. Ал 1968 және 1995 жылы туған екі ер адам суға кеткен. Құтқару кеудешелері болмаған.

Оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін ТЖМ жедел штабы құрылып, ауқымды іздеу жұмыстары басталды. Оған сүңгуірлер, құтқару катерлері мен қайықтар, дрондар және су асты дроны тартылды. Жергілікті тұрғындар да іздеуге көмектескен.

Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.

Бүгін жергілікті тұрғындар 1968 жылы туған балықшының денесін тапты.

Ал екінші балықшының денесін ТЖМ сүңгуірлері жағадан 8,9 шақырым қашықтықтан анықтаған.

Құтқарушылар көлдің үлкен аумағын тексеріп, сүңгуірлер суға сегіз рет түскен. Іздеу жұмыстарына көлдің тереңдігі, түбінің күрделі болуы және су астындағы көрінудің нашарлығы кедергі келтірген.

[video width="832" height="464" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/09/1789961288213.mp4"][/video]

Құтқарушылар іздеу барысында су астындағы арнайы техника мен өзге де құралдарды пайдаланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp