Мазмұнға өту
qandastar.

8 трлн теңге – нақты секторға: Үкімет экономиканы «отандық өнімге» бұрмақ

Малика Хамит · · 134 қаралым
8 трлн теңге – нақты секторға: Үкімет экономиканы «отандық өнімге» бұрмақ

Қазақстан Үкіметі экономиканың нақты секторын қолдауға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы бөлмек.

Импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамту үшін жаңа қаржылық құралдар іске қосылады, деп хабарлайды

порталы.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторына шамамен 8 трлн теңге көлемінде қолдау шаралары бағытталатынын мәлімдеді.

Бұл қолдау «Инвестицияға тапсырыс» тетігін енгізу және «Бәйтерек» холдингін 1 трлн теңгеге дейін капиталдандыру арқылы жүзеге асады.

Негізгі басымдық – инфляцияға әсер ететін базалық тауарлар тапшылығын жою. Қазірдің өзінде азық-түлік секторында 12, ал азық-түлікке жатпайтын салада 24 бағыт айқындалған. Ал 2030 жылға дейін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы $100–120 млрд көлемінде өнеркәсіптік жобалар қаржыландырылады.

Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету
деді Серік Жұманғарин.

Жаңа саясат экономиканы индустрияландыруды жеделдетіп, әртараптандыруды күшейтуге бағытталған проактивті модельге көшуді көздейді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp