Мазмұнға өту
qandastar.

88 жастағы хафиза апаның биі желіні жаулады

Бақытжан Мұса · · 359 қаралым
88 жастағы хафиза апаның биі желіні жаулады

 

TikTok әлеуметтік желісінде тараған видео көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде. Бейнежазбада 88 жасқа келген Мариам есімді хафиза апаның немере-шөберелерінің ортасында ерекше қуанышпен, сергек билеп жүрген сәті бейнеленген, дейді Qandastar.kz.

​Басында таяғына сүйеніп тұрған қария көп ұзамай оны жанындағыларға ұстатып, музыка ырғағына ілесе жөнеледі. Жүзінен күлкі кетпеген апайдың бұл видеосының астына желі қолданушылары «МашаАллах, адам ғой», «Жас-жұбайлардай сергек», «Жасыңыз ұзақ болсын!» деген секілді жүздеген жылы лебіздер мен ақ тілектер қалдыруда.

[playlist type="video" ids="56384"]

​Көпке үлгі болған бұл бейнежазба қысқа уақыт ішінде 22 мыңнан астам лайк жинап үлгерген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp