Мазмұнға өту
qandastar.

88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйінде қаралы хабар

bahitzhanabzal
88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйінде қаралы хабар

Қазақстанның халық әртісі, 88 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов қайын енесінен айырылды, деп жазады qandastar.kz.

Танымал әнші қайғылы хабарды өзінің Instagram – дағы парақшасында бөліскен. Әйелінің анасына арнап жүрек тебірентер жазба жариялады.

ХОШ БОЛЫҢЫЗ,ПЕРІШТЕ АНА… Аяулы АНА-сіз тіршілігіңізде АЛЛАҒА мадақ,Пайғамбарға салауат айттыңыз. Ғибадаттың сұлтаны болған НАМАЗ сайын еліңіздің амандығын, жұртыңыздың тыныштығын тіледіңіз. Сіздің санаңызға сіңіп,сүйегіңізге біткен дәл осы ұғымды өз басым ұлылыққа балар ем. Жүрегіңіз-иманда,тіліңіз-қасиетті ҚҰРАНДА болды ЖАН АНА. Мейіріміңіз көзіңізде,ықыласыңыз көңіліңізде еді,қара шаңырағыңыз сізбен биік,тек өзіңізбен қастерлі екен ғой,қадірліміз де-қасиетіміз де сіз едіңіз ғой АРДАҚТЫМЫЗ-АУ… Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады,жанарыма жас үйіріледі, көкірегіме қан құйылады…Сіздің жайнамазыңыз бен тәспіңізді бір сипап қоямыз,бір жапырағыңыз кеше ЖАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ құшақтап ұйықтады,оның не Айналайын-ау,-дей алмадым ақ періштеңізге…Орныңыз ойсырап қалды-ау айналып қана кетейін АБЗАЛ АНА…
деп жазды Нүсіпжанов.

Көпшілік қазаға көңіл айтып, әншінің қайғысына ортақтасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp