Белгілі блогерлер Ерболат пен Эльмира Жанабыловтар ұзаққа созылған сот процесінен кейін алғаш рет әлеуметтік желіде бой көрсетті.
Ерлі-зайыпты оқырмандарына арнап отбасылық видео жариялап, қиын кезеңнен өткендерін айтты, деп хабарлайды
порталы.
Олардың сөзінше, соңғы айлар отбасы үшін ауыр сынаққа толы болған. Осы уақыт ішінде сот процестері өтіп, әлеуметтік желіден де уақытша алыстауға тура келген.
9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті. Соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен
Сондай-ақ блогерлер өздеріне қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты.
Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді. Бізбен бірге болғандарыңызға Рахмет
Жарияланған видеода Жанабыловтардың туған-туыстарымен дастархан басында отырып, бірге уақыт өткізіп жатқан сәттері көрсетілген. Желі қолданушылары да блогерлердің қайта оралуын жылы қабылдап, пікірлерде қолдау білдіріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ерболат Жанабылов (@zhanabylov_e)