Фото: ашық дереккөз
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында емші Кейқуат Оспанов қандай жаза арқалайтынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір оны (ред. – емші) әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр. Менің білуімше, балалардың ата-анасынан арыз-шағым түскен жоқ
Айта кету керек, желіде атыраулық емшінің тоғыз жасар қыздың «ішіне кіріп кеткен жынды шығарғаны» туралы бейнежазба таралғанын жазғанбыз. Емші өзінің рәсімін бейнетаспаға түсіріп, желіге жүктеген. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды.