Әлеуметтік желіде 90 жасқа келген қарияның микрофонмен ән шырқаған бейнежазбасы тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кадрларда ақсақалдың микрофон алдында отырып, асқақ дауыспен ән орындап отырғаны көрінеді. Оның өзіндік мәнері мен орындаушылық шеберлігі жиналған жұртшылық пен музыканттардың да назарын аударған.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары қарияның өнеріне жоғары баға беріп, оған зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.