Мазмұнға өту
qandastar.

900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды

bahitzhanabzal · · 73 қаралым
900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды

Фото: Stan.kz

Қазақстандағы орташа зейнетақы 35,7 мың теңгені құрайды, алайда 900 мың теңгеден жоғары зейнетақы алатын азаматтар да бар, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтарға  БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық зейнетақы бар болғаны 35,7 мың теңгені құрайды. Алайда ең жоғары сома шектелмеген және кейбір азаматтардың зейнетақысы 900 мың теңгеден асады.

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алушылардың ТОП-5 тізімі (2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша):

– 993 041 теңге;

– 818 818 теңге;

– 635 236 теңге;

– 565 857 теңге;

– 560 437 теңге.

Зейнетақы мөлшері неге байланысты?

Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары сомалардың қалыптасуына бірнеше фактор әсер етеді:

– салымшының табыс деңгейі;

– барлық табыс түрлерінен толық әрі тұрақты жарна аудару.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға өз капиталын дербес басқаруға мүмкіндік береді: міндетті 10% жарна жеткіліксіз болған жағдайда, азаматтар өз еркімен қосымша зейнетақы жарналарын аудару арқылы жинақтарын толықтыра алады.

БЖЗҚ мәліметінше, биыл ақпандағы ең жоғары зейнетақы 993 040 теңгені құраған. Бұл қазіргі көрсеткіштен небәрі 1 теңгеге жоғары. Ал зейнет жасына байланысты орташа айлық төлем сол күйі төмен деңгейде қалып отыр, жыл басындағы 35,5 мың теңгемен салыстырғанда 35,7 мың теңге болған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp