Мазмұнға өту
qandastar.

94 пәтер мен 51 паркингке тыйым салынды: 7,9 млрд теңгенің алаяқтығы анықталды

bahitzhanabzal · · 199 қаралым
94 пәтер мен 51 паркингке тыйым салынды: 7,9 млрд теңгенің алаяқтығы анықталды

Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері "үй сатып" клиенттер мен компанияны 7,9 млрд теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды qandastar.kz sputnik.kz сайтының телеграм арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай үш қызметкер компаниядан тыс пәтерлерді нарықтық бағадан төмен сатып, азаматтардың 3,8 млрд теңгесін иемденген.

Бұдан бөлек олар компания атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген. Алайда, сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген.

76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 млрд теңге жымқырылған. Азаматтар мен компанияға келтірілген залал 7,9 млрд теңгені құрады
дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот санкциясымен 94 пәтер мен 51 паркинг орнына және 8 коммерциялық үй-жайға тыйым салынды.

Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp