Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Малика Хамит · · 55 қаралым
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

5 наурызда Абай облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты, деп хабарлайды

порталы.

Ақпаратты Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі растады.

2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты
делінген мәлімдемеде.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp