Абай облысында маршруттық автобус пен JETOUR X70 көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 16 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы мен Энергетик көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы автобус жүргізушісі солға бұрылған кезде көлікті басқара алмай, жолда тұрған JETOUR X70 көлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнына полиция мен жедел қызмет өкілдері келіп, қажетті жұмыстарды жүргізуде. Жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысты түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.