Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысында бұрынғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

Малика Хамит · · 12 қаралым
Абай облысында бұрынғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

Абай облысында бұрынғы жұбайының өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ер адам әйелді қызғаныштан ағаш битамен 27 рет ұрған.

Сот мәліметінше, қайғылы оқиға 17 сәуірде болған. Сотталушы Б. мас күйінде үйдің ауласында бұрынғы жұбайымен жанжалдасып, оған бірнеше рет соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Сот барысында ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінген.

Сот оны адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот марқұмның ағасына 10 млн теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Қайтыс болған әйелдің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған. Оларға ресми қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу мәселесін шешу Семей қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органына тапсырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp