Абай облысының Бородулиха ауылында пышақ жарақаты бар жас қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды
порталы.
Қайғылы оқиға 13 шілде күні таңертең болған.
Полицияның мәліметінше, шамамен сағат 06:00-де жергілікті тұрғындардың бірі үйінің маңынан қыздың жансыз денесін тапқан. Оқиғаға байланысты кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікке ілінген 20 жастағы ауыл тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Тергеу нұсқасына сәйкес, олардың арасында туындаған жанжал қайғылы жағдайға ұласқан.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде