27 сәуірде «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы «KAZ Minerals» тобының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапты, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Жан-жақты тергеу жүріп жатыр.
KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жол тартты.
Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетеді. Зардап шеккен қызметкерге де жан-жақты көмек көрсетіледі
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от KAZ Minerals (@kazminerals_official)