Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысында сотталушы қамаудан қашып кеткен

Малика Хамит · · 31 қаралым
Абай облысында сотталушы қамаудан қашып кеткен

Абай облысында қамаудан қашқан сотталушы ұсталды.

Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен сотталушы жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті, деп хабарлайды

порталы.

Полиция мәліметінше, ер адам бұған дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғандықтан, сот оның өтелмеген мерзімін нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.

Белгілі болғандай, сотталушы серуендеу кезінде уақытша ұстау изоляторы аумағынан заңсыз шығып кеткен.

Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде сотталушы ұсталып, қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды
деп хабарлады полиция қызметі.

Оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталды. Сондай-ақ қашу дерегі бойынша сотталушының жаза мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылатыны айтылды.

Ресми мәліметке сәйкес, ұсталған азамат бұрын ауыр қылмыс бойынша сотталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp