Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысындағы шахтада лифт күрт тоқтап, бірнеше жұмысшы зардап шекті

Малика Хамит · · 556 қаралым
Абай облысындағы шахтада лифт күрт тоқтап, бірнеше жұмысшы зардап шекті

Абай облысындағы Орлов шахтасында жерасты лифтінің күрт тоқтауынан алты кенші зардап шекті, деп хабарлайды

порталы.

Бұл ақпаратты KAZ Minerals компаниясы растады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Всё о Жезкенте (@p_zhezkent2)
Дәйексөз

Оқиға 1 шілде күні болған. Сол сәтте жерасты лифтінде 15 адам болған.

KAZ Minerals компаниясының хабарлауынша, төмен түсу кезінде тежегіштердің біреуі босап кеткен. Соның салдарынан көтергіш торы оған ілініп қалып, кенеттен тоқтап қалған.

Оқиғадан кейін алты адам медициналық көмекке жүгінді. Үшеуі жеңіл жарақат алғандықтан, алғашқы тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Қалған үш кенші Семейдегі ауруханаға жеткізілгенімен, кейін жағдайлары түрақталып, шығарылды. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp