Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысындағы шахтада өрт шықты: жұмысшылар шұғыл эвакуацияланды

Малика Хамит · · 1 087 қаралым
Абай облысындағы шахтада өрт шықты: жұмысшылар шұғыл эвакуацияланды

Абай облысындағы Жезкент кентінде орналасқан Орлов шахтасында өрт шығып, жұмысшылар қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға 8 тамыз күні сағат 22:05 шамасында шахтаның 10-шы кенқабатында болған.

Бұл туралы KAZ Minerals тобының корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқиға орнына тау-кен құтқару қызметі жіберілген. Мамандар шахтадағы қазбаларды тексеріп, түтіннің шығу көзін анықтаған.

Тау-кен қазбаларын тексеру және түтіннің шығу көзін жою жұмыстарына тау-кен құтқару қызметі жұмылдырылды. Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды
деді Ермек Дюзкенев.

Түтіннің шығу ошағы жедел жойылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан бұрғылау қондырғысы зақымданған. Алайда жұмысшылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Алайда бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр
деді компания өкілі.
Бөлісу: Telegram WhatsApp