Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысында жүк көлігі жол ортасында аударылып қалды

Малика Хамит
Абай облысында жүк көлігі жол ортасында аударылып қалды

Абай облысында Алматы–Өскемен автожолында жүк көлігі аударылып, жол апаты болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 23 қазанда Алматы–Өскемен тасжолының 1600-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Renault Griis маркалы жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Осыған байланысты Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерге жолда барынша мұқият болуды ескертті. Әсіресе, бұрылыстардан өткен кезде жылдамдықты сақтап, көлікті басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.

Мамандар жолдағы сақтық пен жылдамдықты дұрыс таңдаудың апаттың алдын алуда маңызды екенін еске салады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp