Мазмұнға өту
qandastar.

Абай облысында жылыту маусымына байланысты ауқымды рейд өткізілді

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Абай облысында өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Еркін Отарғалымұлы қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Рейд барысында мамандар тұрғын үйлердегі пештер мен мұржалардың жағдайын тексеріп, оларды тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар үйлерге улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды.

Профилактикалық шара аясында арнайы жабдықталған дрондар арқылы әуеден дауыс күшейткішпен хабарландыру жүргізіліп, тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Іс-шараға полиция қызметкерлері, 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, еріктілер, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Рейдтің негізгі мақсаты – жылыту маусымында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Бөлісу: Telegram WhatsApp