Абай облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың кең тараған схемалары туралы ескертіп, азаматтарды жеке деректері мен қаражатын қорғауға шақырды. Ведомство алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Полиция мәліметінше, интернет-алаяқтар азаматтардың ақшасын иемдену үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Олар адамдарды алдап, сеніміне кіру арқылы қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін.
Осыған байланысты Абай облысының полициясы алаяқтардың қалай әрекет ететінін және олардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігін түсіндіретін ақпараттық материал жариялады.
Ведомство азаматтарды интернет арқылы жасалатын күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге және қаржылық операциялар кезінде мұқият болуға шақырады.
Полицияның интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы толық ақпаратын осы сілтеме арқылы оқуға болады.