Мазмұнға өту
qandastar.

Әбиба Әбужақынова Гран-При жарысында үздік деп танылды

bahitzhanabzal · · 698 қаралым
Әбиба Әбужақынова Гран-При жарысында үздік деп танылды
Фото: ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линц қаласында (Аустрия) өткен Гран-при санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды qandastar.kz
Ол 48 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Әбиба финалда жапониялық Сачие Ешинодан басым түсіп, 10-1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, ол финалға дейінгі кезеңдерде Мизука Хараданы (Жапония), Жаклин Шпрингерді (Аустрия) және Эмбер Герсджесті (Нидерланд) жеңді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp