Мазмұнға өту
qandastar.

Абзал Нүкенов жаңа қызметке тағайындалды

bahitzhanabzal · · 157 қаралым
Абзал Нүкенов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: КазНу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің жаңа меңгерушісін тағайындады. Бұл қызметке Абзал Нүкенов лайықты деп танылды, деп хабарлайды  qandastar.kz
Бұл туралы Ақорданың 2025 жылғы 11 наурыздағы ресми мәлімдемесінде:
"Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын "Отан" Республикалық саяси партиясы Орталық аппараты идеологиялық жұмыс бөлімінің кеңесшісі болып бастады.
Бөлісу: Telegram WhatsApp