Мазмұнға өту
qandastar.

Адам өмірін құтқару жолында: Түркістан облысының кинологы Алмас Жандаулетов

Бақытжан Мұса 9 қаралым
ТЖМ
ТЖМ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағындағы кинологиялық бөлімшені Алмас Түйтеұлы Жандаулетов басқарады. Ол қызметтік иттермен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып, жоғалған адамдарды табуға және адам өмірін сақтауға үлес қосып келеді. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Кинологиялық есептоптың негізгі міндеті – төтенше жағдайлар кезінде жоғалған адамдарды іздестіру және зардап шеккендерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде табуға көмектесу.

Қызметтік иттермен жүргізілетін іздестіру жұмыстары құтқару операцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алмас Жандаулетов пен оның командасы төтенше жағдайларда жедел әрекет етіп, адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды міндеттерді атқарып келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp