Мазмұнға өту
qandastar.

Әділет Алмат дзюдодан Линцтегі Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Бақытжан Мұса · · 107 қаралым
Әділет Алмат дзюдодан Линцтегі Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшысы Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Qandastar.kz хабарлады.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық кездесуде ол әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шерзод Давлатов қола медаль иеленген болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp