«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай сайлауынан кейін жақтастарына үндеу жасап, сайлау науқанына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды
порталы.
Партия өкілдерінің айтуынша, үгіт-насихат кезеңінде команда еліміздің барлық өңірін аралап, ірі қалалар мен ауылдарда, кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында тұрғындармен кездескен.
Жұмысшылар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, педагогтер, жастар және аға буын өкілдерімен жүздесулер барысында олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалған.
«Әділет» партиясы сайлау науқанына үлес қосқан кандидаттарға, еріктілерге, бақылаушыларға, сенімді өкілдерге және өзге де белсенділерге ризашылығын білдірді.
Партия үшін сайлаушылардың қолдауы ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Науқан кезінде жиналған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер алдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болмақ.
Алда үлкен жұмыс күтіп тұр
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы (@adilet_quryltai)