Мазмұнға өту
qandastar.

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын бекітті

Бақытжан Мұса · · 312 қаралым
«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын бекітті

«Әділет» партиясы ұйымдық кезеңді толық аяқтап, еліміздің барлық өңіріндегі филиалдарының басшылық құрамын бекітті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Партияның Астана қалалық филиалына Мағжан Қыстаубаев, Алматы қалалық филиалына Станислав Канкуров, ал Шымкент қалалық филиалына Мұрат Жолдықожаев жетекшілік етеді.

Өңірлік саяси кеңестердің құрамына жалпы саны 808 адам енді. Кеңес мүшелерінің ішінде шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі басым болып, олардың саны 22,8 пайызды құрады.

Дауыс беру нәтижесінде облыстық және қалалық филиалдардың жетекшілері төмендегідей болып бекітілді:

  • Алматы облысы – Данияр Қасқарауов;
  • Қарағанды облысы – Бекзат Алтынбеков;
  • Жетісу облысы – Амангелді Есбай;
  • Ұлытау облысы – Ақжол Құрмансейіт;
  • Ақмола облысы – Берген Беспалинов;
  • Ақтөбе облысы – Ербол Данағұлов;
  • Атырау облысы – Болат Қонарбай;
  • Шығыс Қазақстан облысы – Жанат Мекеева;
  • Жамбыл облысы – Дәурен Қаипов;
  • Батыс Қазақстан облысы – Бауржан Бектұрған;
  • Қостанай облысы – Бибігүл Аққужина;
  • Абай облысы – Айдар Ибраев;
  • Түркістан облысы – Нұрлан Толыбаев;
  • Қызылорда облысы – Жандос Базартай;
  • Маңғыстау облысы – Имаммахмұт Шағырбаев;
  • Павлодар облысы – Асылбек Туғанбай;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Қалия Төренова;
  • Астана қаласы – Мағжан Қыстаубаев;
  • Алматы қаласы – Станислав Канкуров;
  • Шымкент қаласы – Мұрат Жолдықожаев.
Бөлісу: Telegram WhatsApp