Мазмұнға өту
qandastar.

«Әділет» партиясы өзіне тағылған сынға жауап берді

Бақытжан Мұса · · 852 қаралым
«Әділет» партиясы өзіне тағылған сынға жауап берді

«Әділет» партиясының құрылтай съезі өз жұмысын аяқтады. Жиын барысында партияның қоғамдағы орны мен саяси бағытына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берілді. Әсіресе, ұйымның «қуыршақ жоба» екені және билікке жақындығы туралы сауалдар көтерілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Партияның саяси кеңес мүшесі Рауан Кенжеханұлы бұл пікірлерді жоққа шығармай, бірақ оған арнайы мән бермейтінін айтты. Оның сөзінше, «Әділет» ешбір саяси күшке қарсы қойылған оппозициялық жоба емес.

Ол партия құруға елдегі конституциялық өзгерістер мен жаңа саяси кезең түрткі болғанын атап өтті. Негізгі мақсат — қарсылас іздеу емес, қоғамдағы нақты мәселелерді шешуге үлес қосу.

«Қуыршақ партия» деген сынға қатысты ол қысқа жауап беріп, ұйымның саяси ұстанымы сөз емес, нақты жұмыс арқылы бағаланатынын жеткізді.

Жалпы алғанда, съезд барысында партияның құрылымы бекітіліп, алдағы саяси бағыты айқындалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp