Мазмұнға өту
qandastar.

«Әділет» партиясында жаңа басшылық құрамы жасақталды

Малика Хамит · · 20 қаралым
«Әділет» партиясында жаңа басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының басшылық құрамы толықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев төраға орынбасары қызметіне тағайындалды.

Асхат Оралов бақылау, талдау және партия жұмысының тиімділігін бағалау бағытына жетекшілік етеді. Ол бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ әр жылдары министр, вице-министр, әкім орынбасары және Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып жұмыс істеген.

Нұрсұлтан Байтілесов құқық және заңнама мәселелеріне жауап береді. Оның еңбек жолы сот жүйесімен байланысты. Аудандық сот маманынан бастап, Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына дейін көтерілген. Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болған.

Эльдар Жұмағазиев экономика, салалық және өңірлік даму бағыттарын қадағалайды. Ол бұған дейін Атырау облысының ішкі саясат саласында, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтер атқарған. Партиялық жұмыста да тәжірибесі бар.

Бұған дейін «Әділет» партиясы төрағасының тағы үш орынбасары тағайындалған болатын. Әлия Адамбаева коммуникацияға, Ержан Жылқыбаев идеологияға, ал Қаныш Төлеушин цифрландыру бағытына жауап береді.

Осылайша партия төрағасының орынбасарлары арасында негізгі жұмыс бағыттары бөлінді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp