Мазмұнға өту
qandastar.

Ағаш бұтағы құлап, 5 жасар бала көз жұмды: полиция тергеу бастады

Малика Хамит · · 831 қаралым
Ағаш бұтағы құлап, 5 жасар бала көз жұмды: полиция тергеу бастады

Қарағандыда қатты желдің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, ауа райының қолайсыздығы кезінде ағаштың бұтағы сынып, бес жасар баланың үстіне құлаған.

Бала ауыр жарақат алған. Оқиға орнына келген дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандар оқиғаның нақты қалай болғанын және оған кім жауапты болуы мүмкін екенін анықтап жатыр.

Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірге белгісіз.

Бөлісу: Telegram WhatsApp