Мазмұнға өту
qandastar.

Аида Балаеваның жаңа қызметіндегі өкілеттіктері белгілі болды

Малика Хамит · · 14 қаралым
Аида Балаеваның жаңа қызметіндегі өкілеттіктері белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппаратының қызметіне қатысты жаңа ережені бекітті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. Құжатта Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіктері де нақты көрсетілген.

Оған Қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті және заң мен тәртіп салаларындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру міндеті жүктеледі.

Сонымен қатар орынбасар ақпараттық және киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл және азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.

Қауіпсіздік кеңесі Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін бақылауды күшейтіп, мемлекетті басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Айта кетейік, Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp