Фото:istockphoto
Тбилиси-Алматы бағыты бойынша рейс орындаған Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл түрде қонды, – деп хабарлайды qandastar.kz ztb.kz-ке сілтеме жасап.
Airbus A321 ұшағының капитаны жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін Баку әуежайына қонуға рұқсат сұраған. Әуежай жедел түрде дағдарыс орталығын және барлық қажетті қызметтерді жұмылдырды.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 00:25-те сәтті қонды. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жолаушыға қону сәтінде бірден алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылып, әрі қарай тексеру үшін қалалық ауруханаға жеткізілді
Рейс кейінге шегеріліп, жолаушылар уақытша қонақүйге орналастырылды. Әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.