Мазмұнға өту
qandastar.

Айбек Дәдебай Құрылтай спикері болды: үш орынбасары да анықталды

Малика Хамит · · 205 қаралым
Айбек Дәдебай Құрылтай спикері болды: үш орынбасары да анықталды

I шақырылымдағы Құрылтайдың Спикері болып Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Осыдан кейін Құрылтай басшысының орынбасарлары да анықталды. Спикер бұл қызметке Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева кандидатураларын ұсынды.

Депутаттар ұсынылған кандидаттарды ашық дауыс беру арқылы қолдады.

Осылайша, Құрылтайдың алғашқы шақырылымындағы басшылық құрамы жасақталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp