Астанада өткен партияның құрылтай съезінде жаңа «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Съезд барысында қатысушылар партияны ресми құру туралы шешімді бірауыздан қолдап, «Әділетті Қазақстан үшін» атты бағдарламасын бекітті.
Жаңа партияның саяси кеңесінің құрамы да таныстырылды. Оның құрамына 30 адам енген. Олардың қатарында «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин, балалар омбудсмені Динара Закиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, «Әділ сөз» қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова және басқа да қоғам өкілдері бар.
Айбек Дәдебай бұған дейін Президент әкімшілігін басқарған. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған қоғамдық-саяси бағытта жұмыс істеуді тапсырғаны хабарланған еді.
Партия өкілдері «Әділеттің» негізгі бағыты президенттік реформаларды қолдау болатынын мәлімдеді.